Балаңызды зиянды контенттен қорғаудың оңай жолы

Балаңызды зиянды контенттен қорғаудың оңай жолы , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 16:48 Сурет: MEGOGO
Қазіргі балалар консольдерді, теледидарды, планшеттер мен смартфондарды тез меңгеріп алады. Олар сүйікті мультфильмдерін, бағдарламалары мен ойын-сауық контентін өздері тауып қарайды.

Әрине, бұл бүкіл отбасы үшін өте ыңғайлы – тек бала байқаусызда жасына сай келмейтін контентке тап болмаса немесе сатып алу батырмасын басып жібермесе болғаны. Баланы үздіксіз бақылау мүмкін емес, тіпті оның қажеті де жоқ. Оның орнына балаңыздың контентті өзі еркін таңдауына, ал үлкендердің экранға телміріп отырмауына мүмкіндік беретін MEGOGO-дағы балалар профилі мен "Ата-ана бақылауы" функциясын қалай баптау керегін айтып береміз.

Балалар профилі: кішкентай көрерменге арналған қауіпсіз кеңістік

Алғашқы қадам - балаға арналған бөлек балалар профилін ашу. Бұны бір-екі батырманы басу арқылы оңай орындауға болады: профильді ашыңыз, "Балалар профилін жасау" бөлімін таңдап, баланың жасын көрсетіңіз. Осыдан кейін контент дәл осы жас санатына сай іріктеледі. Профильде жеке ұсыныстар, қаралымдар тарихы, танымдық видеолар топтамасы және қызықты форматтағы дамытушы бағдарламалар бар. Қажет болса, бір аккаунттың ішінде бірнеше балалар профилін жасауға болады.

Екінші қадам – қорғаныстың тағы бір деңгейі саналатын "Ата-ана бақылауын" қосу. Бұл баланың жас шектеуі бар контентті байқаусызда ашып қоймауы немесе сатып алу жасамауы үшін өте пайдалы. Бұл үшін арнайы PIN-код орнатсаңыз жеткілікті. Код сіз шектегіңіз келген функциялар мен қорғалған контентке кірген кезде сұралып отырады.

Балалар профилін орнату үшін бірнеше минут қана жеткілікті:

  1. MEGOGO аккаунтының баптауларын ашыңыз.
  2. "Ата-ана бақылауы" батырмасын таңдаңыз.
  3. PIN-код пен жас шектеуін орнатыңыз.
  4. Қажет болса, сатып алу кезінде код сұрау функциясын қосыңыз.

Бұл әрекеттерді бір рет орындасаңыз жеткілікті, ары қарай пультты балаңызға алаңсыз ұсына берсеңіз болады – ол MEGOGO-дан өзінің жасына сай мультфильмдерді, шоулар мен танымдық видеоларды емін-еркін таңдай берсін.

Серіктестік ақпарат

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: