Дәрігер «Омикрон» штаммнан кейін қалай емделу керектігін айтты
Прайм агенттігіне берген сұхбатында ол «Омикрондық» штаммнан кейінгі қалпына келу кезеңі әртүрлі болатынын алға тартты. Шамамен бірнеше күннен алты айға дейін болуы мүмкін екенін атап өтті.
Дәрігердің сөзінше, бұлшық еттердің ауыруы, әлсіздік, бас ауруы сақталса, көру және есту қабілетінің төмендеуі немесе денсаулықтың басқа да нашарлау сынды көріністері байқалса, мамандарға жүгіну маңызды. Бұл жағдайда, дәрігер толық медициналық тексеруден өту керектігін қадап айтты.
Қалпына келтіру терапиясы, мысалы, дәрі-дәрмек пен мультивитаминді кешендерді қабылдау сізге тезірек қалыпқа келуге көмектеседі. Бірақ тек дәрігер аурудың клиникалық көрінісін және науқастың жағдайын ескере отырып, оларды тағайындауы керек. Александра Зыкова
Сондай-ақ дәрігер өмір салтын өзгертуге кеңес берді: біраз уақытқа алкогольдік сусындардан, қою шай немесе кофеден бас тарту керектігін айтты. Ең бастысы - темекіні «мүмкіндігінше ұзақ уақытқа» тастау дұрыс.
Маманның пайымдауынша, «ауру кезінде және сауыққаннан кейін кем дегенде екі апта бойы спортпен айналысудан және қарқынды жаттығулардан бас тарту керек». Бұл кезеңде физикалық белсенділікті қатаң шектеу керек.Александра Зыкова
Көрсетілген мерзімнен кейін сіз дәрігермен жаттығулардың қарқыны мен режимін келісе отырып, жаттығуға орала аласыз.
Сондай-ақ маман «ауру кезінде және одан кейін бірнеше апта бойы дәрігер тағайындаған диетаны сақтау керек» екенін атап өтті.
Диета жеңіл болуы керек және ақуыздар мен майлардың жеткілікті мөлшерін қамтуы керек. Бұлшықеттерді нығайту және олардың күшін қалпына келтіру үшін диетаға ет, балық, жұмыртқа және басқа да ақуызға бай тағамдарды қосқан абзал.Александра Зыкова
Жаңалық материалдарын мамандардың рецептімен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын дәрігерлермен кеңесіңіз.