Кинолог итке кене жабысқан жағдайда не істеу керектігін айтты
Кинологтың айтуынша, паразитті өлтіремін деп ешбір жағдайда май, бензин, спирттік сұйықтық және басқа тітіркендіргіш заттарды қолдануға болмайды, деп жазады Мослента.
Кенеге осындай дәрі-дәрмектер сепсеңіз, кененің тыныс алу саңылаулары бітеліп, ас қорыту жүйесіндегі барлық зиянды заттарды иттің денесіне шашып, бөледі: бұл кене энцефалиті, анаплазма немесе боррелия вирусы болуы мүмкін, ол иттің ағзасын улайды", – деп түсіндірді сарапшы.
Сол секілді кенені шалт қиылдап, жұлып алуға тырыспау керек, одан кейін оны алу кезінде мыжып алмау қажет, мұндай жағдайда да паразиттен ит ағзасына у барады. Кенені сол күйінде тағы қалдыруға болмайды.
Мұндайда, ең дұрысы, ветеринарлық клиникаға апарған жөн. Ал дәрігерде кенені алатын қажетті құралдар мен икем де бар. Кенені алған соң маман оның орнын міндетті түрде зарарсыздандырады.