Рудный колледжінде студенттер жаппай уланды

Рудный, улану, студенттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 09:36 Сурет: Zakon.kz
Рудный тау-кен технологиялық колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханада уланып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Inform.kz сайтының жазуынша, зардап шеккендер жүрек айну мен құсу шағымдарымен қаланың медициналық мекемелеріне жүгінген.

Студенттердің жаппай қаралуы тіркелді. Көбінің улану деңгейі жеңіл және орташа. Көбі амбулаториялық ем алып жатыр. Асқазанын шайып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйлеріне шығардық, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Сондай-ақ 10 студенттің ауруханаға жатқызылғаны мәлім болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: