Жаңалықтар тізбегі
0

Маймыл шешегі 50 жастағы адамдар үшін қорқынышты болмауы мүмкін – ДДҰ

маймыл шешегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 18:52 Сурет: pixabay
Маймыл шешегінің тез таралуына халықтың едәуір бөлігінде бұл ауруға қарсы иммунитет жоқтығы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) шешек хатшылығының басшысы Розамунд Льюистің айтуынша, XX ғасырда әлемде шешек ауруына қарсы вакцинация тоқтатылды.

Twetter-де тараған сұрақ-жауап кезінде ол 1980 жылы ДДҰ маймыл шешегі жойылғанын жариялап, содан кейін әлемде бұл ауруға қарсы вакцинация тоқтатылғанын еске салды.

Льюис бір кездері шешек ауруына қарсы егілген адамдардың, атап айтқанда қазір 50 жастан асқандардың маймыл шешегінен «қорғанышы» болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бірақ біз мұны нақты білмейміз. Өйткені 50 жыл вакцинаның әсер етуіне ұзақ уақыт шығар. Бұл жастағылардың нақты иммунитеті қалыптасты ма, айта алмаймыз.Розамунд Льюис, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешек хатшылығының басшысы

Бүгін, 31 мамырда Бразилия билігі болуы мүмкін екі ықтимал жағдайды жариялады. Испанияда инфекцияның 22 жаңа жағдайы тіркелсе, Ұлыбританияда маймыл шешегін жұқтырған адам саны 71-ге жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: