Жаңалықтар тізбегі
0

Орал қаласының тұрғынынан жануарларда болатын құрт - дирофиляриоз анықталды

Жұқпалы ауру, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 23:18 Сурет: Facebook/БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Биыл Батыс Қазақстан облысында дирофиляриоз фактісі бірінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дирофиляриоз - бұрын тек жануарларда кездесетін гельминтоздардың бірі. Соңғы уақытқа дейін бұл ауруға тек жануарлар, әсіресе иттер ғана сезімтал деген пікір болған. Бірақ соңғы жылдары бұл ауруды адамдардың да жұқтыру жағдайлары жиі тіркеле бастады. Адамдарға инфекция қан арқылы жұғады.

Ауру көбінесе масалардың, сирек бүргелердің, қан соратын жәндіктердің басқа түрлерінің шағуы арқылы беріледі. Жұқтыру көзі - үй жануарлары. Ең алдымен иттер, кейде мысықтар. Жануарлардың денесіндегі паразиттер микроскопиялық, ұзындығы 0,3 мм-ге дейінгі, мыңдаған личинка- микрофилярияларды шығарады. Олардың кішкентай болғаны соншалық, қан ағымы мен лимфа ағымы арқылы бүкіл денеге таралады. Осылайша дирофиляриоз жануардан жануарға және адамға беріледі. Инкубациялық кезең 1 айдан бірнеше жылға дейін созылады, ол иммундық жүйеге және паразиттің даму жылдамдығына байланысты. БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің баспасөз қызметі

Дирофиляриозды барлық жастағы адамдар жұқтыруы мүмкін, дегенмен, жұқтыру қаупі төмендегі адамдарда жоғары:

  • ит пен мысық өсірушілер;

  • ашық су қоймалары жанында тұратын адамдар;

  • табиғатқа жиі шығатын жандар: аңшылар, туристер, бағбандар, балықшылар.

Мамандар "күдікті" шағу, қатты қышу, шағуға тән емес ауырсыну сезімдері, түйін пайда болса, дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: