Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде шатастырылып басқа екпе салынған оқушылар шипажайларға жіберіледі – ҚР ДСМ

Қателік, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 23:46 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде манту орнына туберкулезге қарсы екпе салынған оқушылар сауықтыру орындарында емделетін болды. Балалардың ата-анасымен кездескен денсаулық сақтау министрі осындай уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі ай бұрын Рауан ауылындағы мектептің бірінші сынып оқушыларының білегі жаппай іріңдеп кеткен. Сөйтсе жеке медициналық орталықтың мамандары мантудың орнына білекке БЦЖ екпесін салған. Әріптестерінің қателік жібергенін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятың өзі растап отыр. Еліміздің бас дәрігері осы уақытқа дейін күн сайын сол 42 баланың денсаулығын алыста отырып қадағаладым дейді, деп хабарлайды КТК.

Дәрігерлердің бұл қателігін арнайы комиссия тексеріп, қорытындысы дайын болған. Мектеп оқушыларына екпе салуды мойнына алған медициналық орталықтың кемшілігі де көп екен. Қарапайым санитарлық талап сақталмаған. Қазір комиссияның қортындысын құқық қорғау органдарына тапсырған. Енді кінәліні жазалау солардың құзырында деді денсаулық сақтау министрі. 

Комиссия вакцина еккен жеке емханадан санитарлық талапқа қатысты заңсыздықты анықтады. Барлық құжатты құқық қорғау органдарына бердік. Бұл медициналық орталық енді мектептермен жұмыс істемейді. Ал балаларды біздің мамандар әрдайым бақылауда ұстайды. Оқушыларды сауықтыруға жіберуді ата-аналар сұрады. Курорт, шипажайларға жіберуге көмек береміз.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: