Қытайда коронавирус өршіді

Науқастар саны артты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2022 17:49 Сурет: pixabay
Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны көбеймесе, азайған жоқ. Ел астанасы Бейжіңдегі ауруханаларда науқастарды қабылдайтын орын жетпей қалуы мүмкін деген үрей басым, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал Шанхайда Рождество мерекесінен кейінгі күндері 25 миллион тұрғынның жартысы вирусты жұқтыруы мүмкін. Дәрігерлерге күреске дайын болу қажеттігі ескертілді. Елдің денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай ауыр салмақ түсіп отыр.

«Рейтердің» дерегінше, науқастанып жатқан немесе зейнетке шыққан дәрігерлер жұмысқа шақыру алған. Британиялық «Эйрфинити» компаниясының мәліметінше, соңғы аптада Қытайда ковидті күн сайын миллионнан астам адам жұқтырып, 5 мыңдай адам қайтыс болған.


Жеке клиника ретінде біз науқастарды әркез қабылдаймыз. Дегенмен қабылдай алмайтын кезеңге жеттік. Төсек-орын жетіспейді. Әрі пациенттерді емдеуге қажетті ресустар да таусылды. Сония Жютар-Бурро, жеке клиника басшысы.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: