Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде Президент Іс басқармасы Медорталығының дәрігерлері 30 күрделі ота жасады

Күрделі ота, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 21:49 Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аясында Ақтөбе облысының тұрғындарына еліміздің үздік дәрігерлері практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіліп, сондай-ақ күрделі жоғары технологиялық операциялар жасалуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жұмыстар ішкі және халықаралық медициналық туризмді дамыту, ҚР Денсаулық сақтау саласына жаңа медициналық технологияларды енгізу, халыққа көмек көрсету үшін ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханаларының әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жүргізілуде.

Үш күн ішінде республикалық деңгейдегі жетекші мамандар өңірдің медицина қызметкерлеріне шеберлік сыныптарын өткізді, 30 күрделі операцияны жасады, Ақтөбе медициналық орталығының базасында 157 науқасты тексерді.


Ақтөбе медициналық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 21:49

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бүгін Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Ақтөбе медициналық орталығының қызметімен танысып, шара аясында операция жасалған науқастардың жағдайын білді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде денсаулық сақтаудың жоғары стандарттарын дамытуды тапсырды. Қолжетімді медициналық нысандарды салу міндеті тұр. Кадр мәселесі де өзекті. Ақтөбе облысында өтіп жатқан "ПІБ Медициналық орталығының күндері" аясында біз әріптестерімізге шеберлік кластарын өткізіп, өз тәжірибемізбен бөлісуге келдік. Дәрігерлеріміз операция жасаған барлық науқастардың жағдайлары жақсы, жақын күндері отбасыларына оралады. Өткен жылы ПІБ Медициналық орталығында күрделі патологиясы бар 130-дан астам ақтөбелік науқас емделді. Өңірдің жоғары әлеуетін, соңғы технологиялармен жабдықталған емдеу мекемелерінің болуын ескере отырып, білікті мамандарымыз жергілікті тұрғындарға дәл осы жерде қолдан келгенше көмек көрсетуге ниетті". Алексей Цой


Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 21:49

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ақтөбе медициналық орталығы – ересектерге 25 бейін бойынша көмек көрсететін өңірдегі ең ірі көпбейінді стационар, бұл ретте 12 бейін бойынша қызметтердің облыстың басқа емдеу мекемелерінде баламасы жоқ.

Орталықта балалар кардиохирургиясы, аритмология, тамырлы хирургия, трансплантология бөлімшелері жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Ол халыққа жоғары қызмет көрсетуге мүмкіндіктер береді.


Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 21:49

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бұдан өзге, мамандандырылған орталықта ересектерге арналған гастроэндоскопиялық және аллергоцентр жұмыс істейді.

2022 жылы Ақтөбе медициналық орталығы 20 мыңға жуық науқас емделді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: