Өскеменде бір ай бұрын жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2018 23:08 Stan.kz
Ер адамның денесі Үлбі өзенінің жағасынан табылды.

Ринат Базарбаев бір ай бұрын жоғалып кетті. Куәгерлердің бірі Үлбі өзенінің жағасында ер адамның денесі қалқып бара жатқанын төтенше жағдайлар қызметкерлеріне айтқан. Кейін құтқарушылар мәйітті алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Куәгердің бірі дененің суда ағып бара жатқанын Боулинг маңынан көрген, ал құтқарушылар мәйітті ШҚМТУ жанынан алып шықты, – дейді Ринаттың жақындарының бірі Ербол.

Бұған дейін Өскеменде екі ай бұрын жоғалған оқушы қыз өлі күйінде табылған еді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: