Жаңалықтар тізбегі
0

Ильяс Карға қатысты ең басты сот отырысының қашан өтетіні белгілі болды

 Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2019 15:46  Zakon.kz
Сот отырысы 12-ақпан күні өтеді.

Gelandewagen жүргізушісі Ильяс Кардың қатысуымен болған адам өлімімен аяқталған ЖКО қатысты басты сот отырысы 12-ақпан күні өтетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz "Сот кабинетіне" сілтеме жасап.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2019 15:46

Іс сот Селицкий Роман Валерьевичке тапсырылды.

29-қаңтар күні істің сотқа жіберілгені белгілі болған еді. Ильс Кар жол ережесін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкелген жол апатын жасап, жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалды деп айыпталып отыр (ҚК 345-бабының 4-бөлімі және 347-бап).

Жол апаты 2018 жылы желтоқсанда Алматыда болған еді. Жол апатының нәтижесінде үш адам қаза тапты. Оның актриса Шолпан Елгезекова да бар. Ал оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші кейін ұсталды. Кейінірек Gelandewagen-ді Ильяс Кардың басқарғаны анықталды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, сот алды тергеу барысында күдіктінің кінәсі дәлелденген. Осыдан алдын әлеуметтік желілерде Ильяс Карға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды деген ақпарат тараған болатын. Бірақ оны полициядағылар жоққа шығарды. Сонымен қатар Алматы қалалық ПД жалған ақпаратты тарату жауапкершілікке тартылумен аяқталатынын ескертіп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: