Ұлттық кеңестің екінші отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2019 20:51 Ақорда
Екінші отырыс 20 желтоқсанда өтеді

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы қашан болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің екінші отырысы 20 желтоқсанда өтеді", - деп жазды Қарин telegram арнасында.

Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы биыл 6 қыркүйекте өтті. Онда Рақым Ошақбаев, Мұхтар Тайжан, Айдос Сарым, Асылбек Қожахметов, Қазыбек Иса, Саясат Нұрбек, Айман Омарова, Ермек Тұрсынов, Сейдахмет Құттықадам, Ораз Жандосовтар сөз сөйледі.

Отырыста сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сату, көрші мемлекеттен 55 ескі зауытты көшіріп әкелу туралы қауесеттерге түсініктеме берді, сөйтіп азаматтық қоғам өкілдерін ұлттық компаниялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, орталық мемлекеттік органдардың қадағалау кеңестері қатарына қосу туралы ұсынысты қолдады.

Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің негізгі міндеті - қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты қамтамасыз ету. Оған 40-тан аса адам кірді. Бұл - ескі оппозиция, наразылық білдіруші жаңа қозғалыстар өкілдері, азаматтық белсенділер, саясаттанушылар мен заңгерлер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: