Алматы облысында бағалы терінің аса ірі партиясы тәркіленді
ru.wikipedia.org
Жолаушылар автобусының жүк салғышында жатқан жол дорбаларда 3,5 мың ондатраның терісінің бары белгілі болды.
Алматы облысында тәртіп сақшылары контрабандалық жолмен полиция бекетінен өткізілмек болған бағалы терінің аса ірі партиясын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңсыз жүк Жамбыл ауданындағы полиция бекетінде тоқтатылған "Setra" автобусының жүк салғышынан табылған. Жолаушылар автобусы Түркістан облысынан Алматы қаласына бет алған. Жүргізушінің айтуынша, бағалы терілер салынған "құнды сәлемдемені" Алматыдан күтіп алу тиіс болған.
"Бес үлкен жол дорба тәркіленді. Олардың ішінде ондатраның 3,5 мың терісі болғаны анықталды. Автобус жүргізушісінде терісі бағалы аңды атуға, тасымалдауға немесе сатуға рұқсат етілген құжаты жоқ. Ол тек терілер салынған сөмкелерді Алматыдағы белгісіз мекен-жайға жеткізуді сұрағанын айтты. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, іс Жамбыл ауданының өндірісінде. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын есептелуде",- деп атап өтті Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес терілердің бірнешеуі сараптамаға жіберілген. Осы сараптаманың қорытындысы бойынша нақты процесуалдық шешім қабылданатын болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript