Елордада адам өлімімен аяқталған ЖКО себептері әзірге анықталған жоқ

видео кадры, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 21:31 видео кадры
Жол апатының себептерін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Нұр-Сұлтанда болған жан түршігерлік жол апатының себебін анықтау үшін сарапатамалар тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сот алды тергеу басталған. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды.

- Сарапатамалар нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталатын болады, - деп хабарлап отыр астананың ПД баспасөз қызметі.

Ірі жол апаты Ұлы Дала көшесінде Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала сыртынан қатынайтын № 303 бағыттағы автобус № 12 бағыттағы автобуспен қақтығыс жасаған. Алдын ала ақпарат бойынша, 303 бағыттағы автобустың жүргізушісі мен жолаушы әйел қаза тапқан. Тағы 27 адам зардап шекті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: