Жаркентте "Қазпоштадан" 300 млн теңге ұрлағандар ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 21:54 zakon.kz
Жаркент қаласындағы "Қазпошта" бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуыл ашылды.

Полиция Алматы облысы Жаркент қаласындағы "Қазпошта" АҚ-ның бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пошта бөлімшесінен 24 ақпанда 300 миллион теңге ақша ұрланған болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 21:54

Қылмысқа қатыстыларды анықтау жұмыстарына өңірдің барлық полиция күштері жұмылдырылды.

Соның нәтижесінде қылмыс жасауға күдікті деген Жаркент қаласының екі тұрғыны анықталды.

Ұрланған ақша күдіктілердің біреуінің үйінде арнайы жабдықталған құпия жерде және шаруашылық үй-жайдан табылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 21:54

Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары ІІМ-нің бақылауына алынған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: