Алматыда 3 жасар қызды ит талап өлтірді

Версия.Инфо, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2019 23:39 Версия.Инфо
Екі ротвейлер балаға тап берген.

Алматыда екі ит үш жасар қызды талап өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 104 бабы бойынша тергеу бастады.

– Үш жастағы қыз бала өз үйінің ауласында қайтыс болды. Қайғылы оқиға болған сәтте баланың әкесі үйде болған. Ротвейлер тұқымды екі үй итін арнайы қызметтер оқшаулады. Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, мән-жайлар анықталуда, – деп хабарлады полиция.

Қайғылы оқиға 29 наурызда "Құрылысшы" ықшамауданындағы жекеменшік үйдің ауласында орын алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: