Қарағанды-Майқұдық тас жолында жолаушылар автобустары қақтығысты

видео кадры, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2019 23:38 видео кадры
Алты жолаушы ауруханаға түсті.

Қарағанды-Майқұдық тас жолында жолаушылар автобустарының қатысуымен орын алған ірі ЖКО қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты туралы ақпарат полицияға сағат 14:25 түскен.

- Алдын ала болжам бойынша, №56 бағыттағы автобусты тізгіндеген 61 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай жолай кетіп бара жатқан №40 бағыттағы автобусты іліп өткен. Артынша оның соңынан келе жатқан тағы бір №56 бағыттағы автобус алғашқы №56 автобуспен қақтығысқан. ЖКО нәтижесінде алғашқы №56 автобустың алты жолаушысы медициналық мекемеге қаралған. Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, - деп хабарлап отыр Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: