Алматы облысында көлік жүргізушісі ұйықтап кетіп, жаяу адамды қағып өлтірді
Zakon.kz
Марқұмның басы жұлынып кеткен.
Алматы облысында ер адам көлік астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мәлімет бойынша, Алматы облысына қарасты Есік қаласына кіре берісте жол шетінде ер адам көлік тоқтатып тұрған.
Mitsubishi RVR автокөлігін тізгіндеген жүргізушінің сөзінше, ол өзі күзетші болып қызмет жасайтын мектептен түнгі ауысымнан шығып, үйіне қайтып келе жатқан екен. Ол қозғалыс кезінде ұйықтап кетіп, көлік тоқтатып тұрған адамды жаншып өтеді.
Ер адамды шетке лақтырып жіберген. Соққының қатты болғаны сонша оның басы жұлынып кетеді.
Қайғылы жағдай марқұм болған ер адамның әйелінің көзінше орын алған.
Ал жүргізуші жігітті үйінде сегіз баласы мен аяғы ауыр жұбайы күтіп отырған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript