Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда жанармай бекеттерін тонаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 23:26 Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі
Ұсталғандар бұрын сотты болмаған.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жанармай құю бекеттеріне қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, екі бірдей қылмыс таңғы уақытта орын алған.

- Таңғы сағат 4:30 бет перде киген үшеу жанармай құю бекетінің әкімшілік ғимаратына баса көктеп кіріп, кассирді пышақпен қорқытып 100 000 теңге көлемінде ақшаны алады да, артынша мемлекеттік нөмірі жоқ "ВАЗ" автокөлігімен із суытқан. Арадан бір тәулік өткен соң Түлкібас ауданының аумағында дәл осындай тағы бір қылмыс болады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бет перде киіп пышақпен қаруланған үш адам ғимаратқа кіріп, кассир мен операторды соққыға жыққанын анықтайды. Сонымен қатар, олар 150 000 теңге мен құны 200 000 теңге болатын жанармай талонын алып, мемлекеттік нөмірі жоқ "Мерседес" автокөлігімен қашып кеткен, - делінген хабарламада.

Жасалған ауыр қылмысқа сәйкес Түркістан облысының Полиция департаментінде арнайы топ құрылады. Полицейлер видео бақылау камераларындағы жазбаларға қарап, қылмыскерлердің ізіне түскен.

- Жедел уәкілдер қылмысқа қатысы бар 5 адамды Шымкент пен Сайрам ауданында құрықтады. Күдіктілерден заттай айғақ ретінде ұрланған ақшалар мен жанармай талондары мен көліктер тәркіленген. Сот алды тергеу жүріп жатыр. Ұсталған жас жігіттер бұған дейін сотты болмаған. Олардың барлығы қазіргі таңда қамауда отыр, - деді ПД.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: