Қарағандыда 1 жасар қыз бала ваннаға батып кетті

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2019 23:36 pxhere.com
Үйде баланың 30 жастағы әкесі болған.

Қарағандыда бүлдіршін бала ваннаға батып көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 5 маусымында Қарағандыдағы пәтерлердің бірінде 2018 жылы туған қыз бала қараусыз қалып, ваннаға батып қайтыс болды. Үйде баланың 30 жастағы әкесі болған.

– Аталған дерек ҚР ҚК 141 бабы 2 бөлігімен (Қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мiндеттерiн тиісінше орындамаудан абайсызда жас баланың өліміне әкеп соғу) тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Мән-жағдай анықталуда. Өзге ақпарат ҚПК 201 бабы бойынша жариялауға жатпайды, – деді полицияның баспасөз қызметі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: