"Кешіріңіздер!". Жәйремдегі айғай-шуға мына түрік кінәлі
Қарағанды облысына қарасты Жәйрем кентінде болған айқай-шуға себепкер түрік азаматы халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Жәйрем аумағында салынып жатқан полиметалл зауытының құрылысында жұмыс жасап жүрген егде жастағы түрік азаматы болып шықты. Ол қазақ қызының жалаңаш суретін желіге жүктеген екен. Осы қылығы жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын туғызған. Бүгіндері өз айыбын мойындаған ол Қазақстан халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады.
Айта кетсек, 12 тамызда Қарағанды облысындағы Жәйрем ауылындағы кен байыту комбинатында шетелдік және жергілікті жұмысшылар арасында қақтығыс болып, төбелеске қатысушылар жеңіл дене жарақаттарын алды.
Полицияның хабарлауынша, төбелес тұрмыстық кикілжіңнен туындаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293 бабы 3 бөлімі бойынша тергеу басталды. Оқиға орнына жағдайды тұрақтандыру үшін өңір басшысы да барған.
Оқи отырыңыз: Жұмысқа бізді алмайды. Жәйремдегі түріктерді сабауға не себеп болған