"Қозудың арқасында...". Астаналық модель-депутат желіні тағы шулатты

Facebook/Тасова Дина, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2019 18:35 Facebook/Тасова Дина
Подиумға жалаңаш көтеріліп, елге танылған депутат-қазақ қыз жыныстық қатынастың пайдаларын тізбелеп айтып шықты.

Алғаш рет "секс" сөзі 1929 жылы тіркелген, деп жазды Астана қалалық мәслихат депутаты Динагүл Тасова өзінің Facebook-парақшасында.

"Секс – адреналин шығарудың ең пайдалы түрі. Жыныстық қатынас кезінде адамның организмі 100 пайызға қызметін жақсартып, мидың жақсы жұмыс істеуін әкелетін таптырмас іс.

Жыныстық қатынастың пайдасы тек бұл емес. Қозудың арқасында:

1. Арықтауға септігін тигізеді;

2. Қанайналым артады;

3. Бауырдағы глюкозаның мөлшері азаяды;

4. Барлық энергетикалық қорлар белсенді жұмыс істейді;

5. Қандағы холестерин деңгейі төмендейді;

6. Қан қысымы қалыпқа түседі;

7. Тұмауға қарсы иммунитет жоғарылайды;

8. Тыныс алу жүйесі дұрысталады;

9. Жүрек инфарктісінің алдын алады;

10. Мидың жұмысы жақсарады;

11. Хош иісті зат алмасады;

12. Тіс иектерінің қанап ауыруы тоқтайды;

13. Әйелдердің артының бұлшық еттері қатаяды;

14. Арқа ауруы тоқтайды;

15. Гормондар қызметі қалыпқа келеді;

16. Шаш жылтырай түседі және тырнақтар қатаяды;

17. Бет тазаланады;

18. Әжімдер азаяды;

19. Депрессиядан құтылады және шаршау басылады;

20. Агрессия төмендейді;

21. Қимыл-қозғалыс ширайды;

22. Простатит пен цистит емделеді;

23. Көңіл-күй жақсарады;

24. Өмір ұзартады.

Сізге қаншалықты ләззат пен пайда әкелетінін шешуді өз еншіңізге қалдырдым. Қандай позада немесе аптасына қанша рет жыныстық қатынасқа түсетініңіз өзіңізге байланысты. Секс-пен ас үй үстелінде болсын, төсекте 3 сағат сайын айналысқан тиімді" - деп жазды модель.

Жазбасының соңында, әркімнің өз қалауы бар екенін айтып, оқырмандарына денсаулық тіледі.

Sn.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: