Жаңалықтар тізбегі
0

"Қоймай звандады". Сопыжановтың туыстары баланың өліміне шешесі кінәлі екенін айтты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2019 15:00 видеодан алынды
Ал баланы өлтірді деп айып тағылған Сопыжановқа өз туыстары мейірімді әрі қайырымды жан ретінде мінездеме берген. Олар аталған екі қайғылы жағдайға да әйелдің өзін кінәлайды.

Қарағанды ​​облысында кісі қолынан қаза тапқан үш жасар Максим Гарифулин жер қойнына тапсырылды. Бүкіл Бұрма ауылы баланың жаназасына келді. Жексенбі күні баланың өлі денесі ауыл шетінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, баланы 22 жастағы Игентай Сопыжанов ұрлап әкетіп, одан соң өлтірген. Ол өз қылмысын мойындап, куәлік берген.

Сопыжанов ұзақ жылдар бойына баланың анасымен жақын қарым-қатынаста болған. Бұл осы отбасындағы бірінші қайғылы оқиға емес. Бес жыл бұрын өздерінің қосылуына қатты наразы болған келіншектің әпкесін Сопыжанорв балтамен бір қойып, өлтіріп, түрменің арғы жағынан шыққан. Ол түрмеден мерзімінен бұрын босап шығып, таяуда өзінің көңіл жарастырған әйеліне келген. Сөйтіп ол әйелдің қолындағы баланы жұлып алып қашып кеткен.

Максимнің туыстары баланы ұрлаған күні бірден өлтірген деп күдіктенеді. Бұған қатысты сараптама нәтижесін күтіп отырған полиция, әзірге түсініктеме берген жоқ.

Ал баланы өлтірді деп айып тағылған Сопыжановқа өз туыстары мейірімді әрі қайырымды жан ретінде мінездеме берген. Олар аталған екі қайғылы жағдайға да әйелдің өзін кінәлайды.

Светлана Рейхерт, Сопыжановтың өгей шешесі:

- Ол оны қатты жақсы көреді. Бірақ оның өзі кінәлі. Түрмеден келе салып, жұмысқа орналасты, ол жаз бойы жұмыс істеді. Ал, ана әйел оған қоңырау шалып, қайта-қайта мазасын ала берді. Тыныштық бермеді ғой. Ақыры осылай болды. Оны да түсініңіздер. Ол қызба мінезді әлі жас жігіт.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: