Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда секіріп өлейін деген 28 жастағы үйсіз Рүстем екен

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2019 14:44 видеодан кадр
Енді оған қарсы әкімшілік кодекске сәйкес шаралар қолданылады.

12 қыркүйекте түстен кейін Нұр-Сұлтанда оң жағалау мен сол жағалауды қосып тұрған көпірдің үстіне бір адам шығып, секірмек болды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, оқиға орнына төтенше жағдай департаменті мамандары, әкімдік өкілдері, полиция қызметкерлері келген. Құтқарушылар тұрғынға көмектесу үшін жоғарыға кранмен көтерілген.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілі Елнұр Бейсенбаев биіктен секірмек болған адамға "бала-шағаңды ойла, баспана мәселең шешіледі" деп айғайлап, оны райынан қайтаруға тырысты. Сәлден соң ол төменге түсуге келісіп, құтқарушылардың көмегімен жерге түсті.

Әкімдікке алып кетер алдында Азаттық тілшісі наразы тұрғынға бірнеше сұрақ қойып үлгерді. "Не үшін шықтыңыз? Үй мәселесіне байланысты ма?" деген сұраққа ол "иә, бәрібір тағы келем" деп жауап берді.

Полиция қызметкерлері оның сөзін қайта-қайта бөліп, "барған соң сөйлесеміз" деп асықтырды. "Баспана кезегінде барсыз ба?" деген сұраққа ол:

- Жоқ, тіпті кезекке тұра алмайсың да. Ешбір [кезекте] жоқпыз. Пәтер сағалап жүргенімізге 6-7 жыл болды. Пәтерді жалға алу құнының өзі 60-70 мың теңге тұрады. Екі балам бар, - деді ол.

Онымен "жоғары жақта" құтқарушылар келіссөз жүргізген. Психолог Гүлім Жамиеваның айтуынша, наразы тұрғын "талабын көпке жеткізгісі келген".

- Барлық шаруаны құтқарушылар атқарды. Біз оны төменге түсуге көндіріп, сөйлестік. Ол адам талабын көпке жеткізгісі келді. Біздің көмектескенімізді қалады. Ол жақындарын, өмірін қадірлейтін адам екен. Сол себепті төменге түсті. Оған тек көмектесу керек. Ақыл-есі бүтін, дені сау адам. Әкіммен кездесуді талап етті, - деді Гүлім Жамиева.

28 жастағы Рүстем Ережепов "баспана мәселесінің көпке дейін шешілмегеніне наразы" болып, осындай қадамға барған. Жұмыссыз жүрген 91-ші жылғы Рүстемнің екі баласы және шамамен 1,3 млн теңгеге жететін 6 кредиті бар. Баспананы кезексіз алғысы келеді. Әкімдік оған "Еңбек" бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан жұмыс пен баспана тауып берген. Бірақ Рүстемнің Нұр-Сұлтаннан кеткісі жоқ.

Наразы тұрғынмен сөйлескен мамандар оны әкімдікке алып кетті. Полиция қызметкерлері "әкімдік кодекске сәйкес шаралар қолданатынын" айтты.

Жыл басынан бері Қазақстан қалаларында баспана мәселесін шешуді талап етіп, азаматтар бірнеше рет билікке талап қойған. Астана әкімдігінің дерегінше, Нұр-Сұлтанда 46 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Билік оларды баспанамен қамту үшін шамамен 1 миллиард теңге қажетін айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Житель столицы около часа простоял на металлической арке моста в центре города. Мотивом было недовольство жилищным вопросом. Мужчина по имени Рустем говорит, что его семье требуется жилье. Психолог Гулим Жамиева, которая вела переговоры с мужчиной, назвала его «здоровым и адекватным человеком». «Человек хочет быть услышанным, он ценит своих родных и ценит свою жизнь», — сказала она.

Публикация от Azattyq.org//Rus.azattyq.org (@azattyq)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: