Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік Қазақстанда өрт кезінде 5 жасар бала қатты күйіп қалды

kubnews.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2019 16:01 kubnews.ru
Барлық зардап шеккендердің жағдайы ауыр.

Солтүстік Қазақстан облысында бес жасар ұлы бар ерлі-зайыпты, яғни үш адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Олар өз үйінде өртеніп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қыркүйекте сағат 16 сағат 51 минутта Жамбыл ауданы Пресновка ауылының №11 өрт сөндіру станциясының қашықтан басқару пультіне Благовещенка ауылы Мұқанов көшесіндегі 10-үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Төтенше оқиға орнына бөлімше кезекшісі барған. Сағат 16.56-да ол екі пәтерлі үйдің кіре берісі жанып жатқанын әрі шатырдан түтін шыққанын көрген. Өрт сөндірушілер "Атаменкен-Агро" ЖШС қызметкерлерімен бірге өрт сөндіруге жұмылдырылды", - деді төтенше жағдайлар бөліміндегілер

Өрттің салдарынан орталық аудандық ауруханаға үш адам жеткізілді: 1990 жылғы ер адам, оның денесінің 20-29% күйік шалған, 1990 жылғы әйелдің денесінің 40-49%, олардың 2014 жылғы баласының денесін 40-49% термикалық күйік шалған. Барлық зардап шеккендердің жағдайы ауыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: