Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде көлік тізгіндеген келіншек полиция қызметкерінің қолын тістеп алған

infoport.live, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2019 23:21 infoport.live
Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық фактісі Семей қаласының Әуезов полиция бөлімінде тіркелді.

51 жастағы Семей қаласының тұрғыны тыйым салынған жерге тоқтап, өзіне ескерту жасаған полиция қызметкерімен ұрсысып, оны көлікпен соғып, ақырында қолын тістеп алған, деп хабарлайды Zakon.kz ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық фактісі Семей қаласының Әуезов полиция бөлімінде тіркелді.

- 2019 жылдың 1 қазанында сағат 13:40 шамасында Кәрменов көшесін шолып жүрген жол патруль қызметі тыйым салынған белгісі бар жерге қойылған көлікті байқайды. Nексере келе, бұл көлік 51 жастағы әйел адамға тиесілі екені анықталады. Әйел адам жауапкершіліктен қашып оқиға орнынан кетіп қалмақ болады. Ал оны тоқтатпақ болған полиция қызметкерін көлігімен қағады. Ал көлігінің кілтін бұрамақ болған полиция қызметкерінің ол оң қолын тістеп алған, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: