Жаңалықтар тізбегі
0

Тірідей өртенген әйелдің анасы: Ажырасып, елорадаға қашып кеткен...

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 15:13 видеодан алынды
Өртенген әйелдің анасы қызғаныштан көзін шел басқан күйеубаласының өз ісіне еш өкініш білдірмегенін, керісінше туған алты баласының үшеуі өзімдікі емес деп аттандап, шу шығарып жатқанын айтады.

Нұр-Сұлтан қаласында күйеуі өртеп жіберген әйел Түркістаннан қашып елорданы паналап, ажырасқалы жүрген екен. Осы айда сот процесі де өтуі тиіс болыпты. Бірақ қаншама жыл зәбір көрген күйеуінен қашып, елордаға келсе де ол сол күйі жан сауғалай алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасы сілтеме жасап.

Бүгіндері Нұр-Сұлтан қаласында ауруханада шыбын жаны үшін күресіп жатқан, денесінің 75 проценті күйік шалған әйелдің жағдайы өте ауыр. Оның анасы қызғаныштан көзін шел басқан күйеубаласының өз ісіне еш өкініш білдірмегенін, керісінше туған алты баласының үшеуі өзімдікі емес деп аттандап, шу шығарып жатқанын айтады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда бір еркек әйелін далаға апарып, өртеп жіберді

"Бұл - өзегі өртенген ананың көз жасы. Ол қызымның сау-тамтығын қалдырмады деп күйеу баласын кешіре алмай отыр. Айтуынша, ерлі-зайыптылар осы айда заңды түрде ажырасу керек болған. Қызы жұбайынсыз жаңа өмір бастау үшін Түркістан облысынан Елордаға арнайы көшіп те келіпті. Алайда, күйеу баласы қызының қыр-соңынан қалмай, ақырында қызғаныштың кесірінен өртеп жіберді" деп отыр", - дейді телеарна тілшісі.

Дәмегүл Қашағанова, анасы:

- Мен ойладым, бізді көрген соң, ұялатын шығар деп. Кешіріңіздер дейтін шығар деп үміттеніп едім. Бірақ ол әлі сол баяғы "қызың анамен жүреді, мынамен жүреді" деп айтуын доғарған жоқ. Мен шығамын, шыққан соң өлтіремін деп тергеу орнында да сөйлеп тұр. Өзінің 6 баласы бар. Кейінгі 3 бала менікі емес деп, өзінің адал балаларын мойнына алмай отыр.

16 жыл отасқан ерлі-зайыптылардың 6 баласы бар. Үлкені 16 жаста болса, кішісі 4-те. Дәрігерлер көпбаланы ананың беті бері қарайды деп дөп басып айта алмай отыр. Денесінің 75 пайызы күйіп кеткен. 9 күннен бері жан-сақтау бөлімінде жатқан азаматша жасанды тыныс алу аппараттарының көмегімен дем алып жатыр.

Ербол Төлегенұлы, Ғылыми-зерттеу институтының анестезиолог-реаниматолог дәрігер:

- Жалпы жағдайы ауыр. Қан-қысымы, жүрек соғуы тұрақсыз. Дәрі-дәрмектің көмегімен, жасанды жолмен тыныс алып, арнайы аппаратқа қосылған. Қазіргі таңда жақсы деп айтуға ерте. Болжам туралы да айту ерте. Уақыт керек. Күйік шогынан қазіргі таңда науқас шықты.

Бұған дейін полицейлер айыпталушы 15 жылға дейін сотталуы мүмкін деген еді. Зәбір көрген келіншектің туыстары 44 жастағы күйеу бала лайықты жазасын алуы тиіс деп отыр.

Тағы да: Күйеуі бензин құйып өртеген әйел қашып, аялдамаға келіп құлаған

Дәмегүл Қашағанова, анасы:

- Қызыма істегенін мойнымен көтерсін деп отырмын. Заңымыз бар ғой. Заңымыз адал болып шешіп берсе. Ертеңгі күні менің қызым қандай жағдайда болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: