Жаңалықтар тізбегі
0

Сұмдық-ай! Германияда жануарларға сынақ жасаған зертхана табылды

Cruelty Free International, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 21:31 Cruelty Free International
Бұл фармакология және токсикология зертханасы LPT GmbH & Co. компаниясына тиесілі. Бұл Гамбургтың Миненбюттел ауданында орналасқан зертхана болса керек. Қазір ол уақытша жабық.

Германияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері Гамбург қаласы маңынан жануарларға заңсыз эксперимент жүргізген фармакологиялық зертхананы тапты. Ондағы сұмдыққа куә болған мамандар жануарлардың көзіне тікке қарай алмаған. Маймылдар мойнына қамыт кигізіліп, темір құрсауда ілініп тұрған. Бұл олардың мұрнына белгілі бір дәрі-дәрмекті сынау үшін керек болыпты, деп хабарлайды Daily Mail. Сонымен қатар, зертхана торынан өз қанына малшынған Бигль тұқымдас ит табылды.

Неміс инспекторлары зерттеу орталығы деп аталатын ғимаратты тінтіп шықты. Олар мұндағы азаптау камерасында не болғанын бәрін видеоға түсірді. Қабырғаға жақын тұрған темір қоршауда маймылдар мойын қамытпен ілінулі тұрған. БАҚ мәліметтері бойынша, бұл фармакология және токсикология зертханасы LPT GmbH & Co. компаниясына тиесілі. Бұл Гамбургтың Миненбюттел ауданында орналасқан зертхана болса керек. Қазір ол уақытша жабық.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 21:31

Қоғам белсендісі Фридрих Муллен өзге атпен LPT GmbH & Co зерттеу орталығына 2018 жылдың желтоқсан айында жұмысқа орналасқан. Ол онда 2019 жылдың наурызына дейін жұмыс істеді. Ол әлемдегі бүкіл компаниялар үшін мұнда жануарларға эксперимент жүргізілгенін, оның ішінде аюлар, маймылдар, мысықтар мен қояндар да болғанын айтты. Оның айтуынша, жануарлар мұнда өте нашар күйде ұсталған. Тордан табылған қан-қан итке дәрі-дәрмекті жұту оңай болу үшін аузына түтікше тыққан. Ал түтікше оның өңешін қанатып, ит қан құсқан.

Ал өз дегеніне оңайшылықпен көнгісі келмеген жануарларды зертхана қызметкерлері аямай ұрып-соққан.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 21:31

Ол қатты зардап шеккен макакалар (маймыл) болғанын айтады. Үнемі тар торда ұстағандықтан, олардың жүйкесі жұқарып, сыр берген. Көбісі тор ішінде жынданып қалған секілді шыр көбелек айналып жүре берген.

Мысықтар күніне 13 ине салған. Ине салған сайын жануарлар қатты ауырсынып, біртүрлі дыбыстар шығарған. Тәртіп сақшылары алдымен зертхананы тінтіп, тексерді, ал қазір тергеу жүрігізіп жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 21:31

"Жануарлар өлетінін білетін, жаны шығып бара жатқанда құйрықтарын қатты қозғалтады. Ал иттер болса, адамнан көмек сұрап, мөлиіп көзіне ұзақ қарайтын", - деді Фридрих Маллен.

Осы масқара жайт әшкере болғаннан кейін Гамбург билігі компанияға рейд жүргізіп, жануарларды қорғау ұйымы белсенділерінің осыған дейінгі кейбір айыптауларын растады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 21:31

"Біз белсенділер айтқандай, жануарларға арналған тордың тым тар екенін байқадық", - дейді жергілікті билік өкілі.

Laves жергілікті қдағалаушы органы - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік басқарма прокуратураға жануарларды қорғау туралы заңдардың бұзылуына байланысты шағым түсірді. Сонымен қатар қадағалаушы орган компанияның дәрі-дәрмектерді жануарларға сынау лицензиясының күшін жою туралы мәселені де қарастыруда.

Басқармадағылар егер лицензияның күші жойылса, онда зертхананы дереу жабу керек деп атап өтті.

LPT - бұл үкімет пен қадағалаушы органдардың талапбын қанағаттандыруда әлемнің барлық фармацевтикалық, өнеркәсіптік және агрохимиялық компаниялары үшін уды анықтауда сынақтар жүргізетін зертхана.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: