Қызылорда облысында 240 келі уран концентраты тәркіленді

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 17:16 ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.

2019 жылдың 23 қазанында ҚР ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысы аумағында 240 келі уран концентратын сату әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталып, оларға Қылмыстық Кодекстің 283 бабының 2 бөлігі бойынша "радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу" күдік келтірілді.

Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді (радиологиялық және токсикологиялық зардаптар).

Тергеу мәліметтері бойынша радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған.

Басқа ақпарат сотқа дейінгі тергеу мүддесінде жария етілмейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 17:16

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 17:16

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 17:16

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: