Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте балалар өлімінен соң дүкендегі тұшпаралар тексеруге алынды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2019 21:00 Pixabay
Оқиғаның нақты себебі әлі анықталмаған, ал тамақтан улану күдігі әлі тексерілуде, басқа да себептері болуы жоққа шығарылмайды.

Шымкентте екі баланың өлімінің себептері анықталуда. Негізгі күдік - тамақтан улану немесе газдан улану, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері 3 қазанда екі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін қолға алды. Тиісті сараптама тағайындалды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, оқиғаның нақты себебі әлі анықталмаған, ал тамақтан улану күдігі әлі тексерілуде, басқа да себептері болуы жоққа шығарылмайды.

Ал Otyrar.kz сайты құрбан болғандардың үйінің қасында орналасқан дүкендегі барлық тұшпара алынып, зертханаға жіберілгенін хабарлады. Бұл оқиғаға қатысты барлық мән-жай екі аптадан кейін, яғни барлық талдау нәтижелері дайын болғанда жарияланады.

Айта кетсек, зардап шеккен отбасы Еңбекші ауданындағы Алдияров көшесіндегі көпқабатты үйде тұрған. 2019 жылдың 3 қарашасында отағасы таңғы сағат 04:42-де осы мекен-жайға жедел жәрдем көлігін шақырғандарын, олар алдын ала тамақтан улану диагнозын қойғанын және ем тағайындап кеткенін айтады. Ал таңертең жағдай, тіптен нашарлаған, сағат 09:37-де тағы да жедел жәрдем көлігі шақырылып, үш баламен анасы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. 1987 жылғы әйел, 2018 жылғы ұл мен 2008 жылғы қыз бала дәрігердің нұсқауы бойынша Орталық қалалық аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды. Екі баланы құтқару мүмкін болмады. Өлімнің себебі анықталу үстінде, соттық-медициналық сараптама тағайындалды.

Үйдің үлкені – 12 жасар қыз әлі ауруханада жатыр. Ал анасы тілхатпен ауруханадан шыққан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: