Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 57 отбасы үйсіз қалуы мүмкін

Алматы ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2019 15:59 Алматы ТВ
Осы айдың 13-інде құрылған комиссия мүшелері аталған учаскелерге барып шығындарды анықтайтын болады. Үйін салмаған, салса да заңдастырып үлгермеген азаматтарға өтемақы қалай төленетіні, әзірге белгісіз.

Алматы облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Қарасай ауданы әкімдігі мен 57 тұрғынды сотқа беріп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Сотқа Қарасай ауданы әкімдігі мен жауапты бірқатар тұлғалар шақырылғанымен, әкімдіктен ешкім төбе көрсетпеді. Тек қолда бар ақшасын санап беріп, жер алған тұрғындар ғана келді.

"Сол 800-700-ден болды. Әкімшілікке біреуін бердік. Қаулыны шығарып берді. Қаулы бойынша үй соқтық", - деді Құрманғазы РЫМБЕРГЕНОВ

Бұл тұрғында 2016 жылы аудан әкімдігінен жер телімін сатып алған. Араға үш жыл салып Алматы облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Қарасай ауданы әкімдігі мен 57 тұрғынды сотқа беріп отыр. Сотқа беруші тараптың айтуынша, жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатқанда аталған жер телімдерін сатып жіберген. Ал, тұрғындардың құқығын қорғаушылар содан бері үш жыл өткеннен кейін ғана аталған мекеменің арызданғанына таңданып отыр.

"Сол уақыттан бері үш жыл өтті. Яғни, мемлекеттік мекемелердің әрекетіне Қарасай аудандық әкімдігінің әрекетін сотқа беру керек еді. Осындай заңсыз жер телімдері берілді деп. Енді қазіргі уақытта қарапайым тұрғындарды сотқа тартып, бұлардың қолындағы құжаттың күшін жойып негізсіз, яғни процессуалды кодексте талап беру мерзімі деген болады. Сол талап мерзімін өткізіп алып беріп отыр. Сондықтан беріп отырған талаптары қанағаттандырылмауы мүмкін", - деді заңгер Әркен КЕНЖЕМОЛДАЕВ.

Кейбір тұрғындар қолда бар құжаттарымен су, жарықтарын үйге кіргізіп алған. Егер жер заңсыз болса құзырлы орган өкілдері қалай рұқсат берді дейді. Барлық жер телімдеріне сол кездегі Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Жұмаділ есімді азамат қол қойған.

"Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жұмаділ деген әкім қол қойған. Жер кодексінің жергілікті атқарушы орган құқыққа сыйымсыз, заңсыз шешім қабылдап жеке және заңды тұлғалардың құқықтары бұзылатын болса шығындары міндетті түрде өтелуі керек", - деді Алматы облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Асылхан БАЙШОРАНОВ.

Осы айдың 13-інде құрылған комиссия мүшелері аталған учаскелерге барып шығындарды анықтайтын болады. Үйін салмаған, салса да заңдастырып үлгермеген азаматтарға өтемақы қалай төленетіні, әзірге белгісіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: