Жаңалықтар тізбегі
0

"Адам ағзасын заңсыз алды" деп айыпталған шымкенттік хирургтің "крышасы" кім екені айтылды

dela.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2019 15:34 dela.ru
37 жастағы Абылай Донбай Шымкенттің №1 қалалық клиникалық ауруханасында ең алғашқы жұмысын 2017 жылдың шілдесінде хирург болып бастаған. Арада екі жыл өтпей, яғни биыл наурызда оған бас дәрігер лауазымы бұйырады.

Шымкентте "адам органдарын заңсыз алып, ота жасады" деп айыпталған 37 жастағы Абылай Донбай Шымкенттің №1 қалалық клиникалық ауруханасында ең алғашқы жұмысын 2017 жылдың шілдесінде хирург болып бастаған. Арада екі жыл өтпей, яғни биыл наурызда оған бас дәрігер лауазымы бұйырады. Қысқа мерзім ішінде жас маманның бірден биікке көтерілгенін көпшілік оның Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын туыстығымен байланыстырып, болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ал аурухана ұжымы жарты жылдан сәл астам басқарған басшылары туралы айтудан қашқақтайды. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев те тілшілерге пікірін жабық есік артында айтуды жөн көрді. Қаланың бас дәрігерінің айтуынша, ол Абылай Донбайға іс қозғалғанын бірнеше ай бұрын білген. Бірақ "мән бермедім" дейді.

Асхан Байдуалиев, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ол маған жазда өзіне қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты. Мен одан "сенің кінәң бар ма?" деп сұрағанымда, "мен жәй ғана хирургпін" деп жауап берді. Осыдан соң мен де қазбалап сұраған жоқпын.

"Оған қатысты "трансұлттық қылмыстық топқа қатысу" және "адам органдарын заңсыз алу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл – адамның ішкі құрылыстарын сату дерегі бойынша қолына кісен салынған алғашқы дәрігер емес. Адамның ішкі құрылыстарын мүшелеп сату, негізінен, соғыс аймақтарында немесе сіңірі шыққан кедей елдерге тән қылмыс. Бірақ бұл жолы жаға ұстатарлық жәйт Шымкентте орын алып отыр. Әрі жылдар бойы жүйелі түрде іске асыпты. Осындай айыппен Шымкенттігі №1-ші қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің қолына кісен салынған. Тергеу мәліметінше, 37 жастағы Абылай Донбай қылмыстық топ құрамында 2017-2018 жылдары ел аумағында заңсыз трансплантациямен айналысқан. Яғни рұқсаты болмаса да, ауруханада адамның бүйрегін алып, шетел азаматтарына, әсіресе Израильдің қалтасы қалың байларына салып беріпті. Ал Донбайдың донорлары ретінде Өзбекстан, Қырғызстан мен Украинаның жағдайы төмен тұрғындары болған", - дейді телеарна тілшісі.

Санжар Әділов, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы:

- Тергеумен дәлелденгені, ұсталған Донбай қылмыстық топтың мүшелерімен алдын ала сөз байласып, олардың қылмыстық ісәрекеттерін және адам ағзаларын сатуға заңмен тыйым салынғанын біле тұра, ақшалай қаражат алып, Шымкент қаласының ауруханасында бүйректі трансплантациялау бойынша заңсыз оталар жасаған.

Оқи отырыңыз: Шымкентте аурухана бас дәрігері адам органдарын заңсыз алғаны үшін ұсталды

"Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханаға биылғы жыл ауыр тиді. Ақпан айында аурухананы талай жыл басқарған күнгейдегі транспланталогия іргетасын қалаушы Мәди Биғалиев өз-өзіне қол салып өлген еді. Алтын скалпель иегерінің мұндай қадамға неге барғанын не шымкенттік, не елордалық құзырлы органдар әлі айта алмай отыр. Трансплантологтар ісінің халықаралық дауға ұласатын түрі бар. Донбайға дейін де еліміздің бас трансплантологы Ғани Құттымұратов пен қылмыстық топ мүшелесі ретінде Қырғызстан азаматы Тайсалова ұсталып қамауға алынған. Енді Қылмыстық кодекстің ауыр екі бабымен іс қозғалған жазасы Абылай Донбай да оңбайын деп тұр. Себебі, бас дәрігердің кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 12 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін", - дейді телеарна тілшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: