Алматы облысында жолда жатқан адамды көлік басып өте шыққан
Алматы облысында жолда жатқан адамды көлік басып өте шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты Сорбұлақ тас жолы бойында Екпінді ауылы маңында таңғы 4-те болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Carina E көлігі солтүстікке қарай бағытта келе жатып, жолдың жарықсыз учаскесінде жол бойында жатқан адамды басып кеткен.
Toyota көлігінің жүргізушісінің айтуынша, ол өз үйіне бірнеше метр ғана жетпей қалған. Жол үстінде жатқан адамды ол байқамаған, өйткені қар қылаулап жауып, қараңғыда түк көрінбеген. Жүргізуші жолда жатқан адамды қар көміп тастағандықтан байқамай қалуы мүмкін екенін де айтты. Кісіні басып өткеннен кейін көлік жүргізушісі тоқтаған. Жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ол адамның қайтыс болғанын нақтылады.
Апаттың барлық мән-жайларын Алматы облысының тергеушілері анықтап жатыр.