Павлодарда екі мектеп оқушысы төбелесіп, бір жеткіншек пышақталды
Павлодарда екі мектеп оқушысы төбелесіп, бір жеткіншекті пышақтап тастады. Қансырап қалған оқушы дереу ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Жасөспірімдердің бір-біріне пышақ ала жүгіруіне не себеп?
Оқиға қаладағы асханалардың бірінің жанында болған. Мектеп басшылығы екі мектеп оқушылары өзара сөзге келіп қалғанын айтады. Жанжал төбелеске ұласып, арты қылмыстық іспен аяқталған.
Күмісгүл Мундуинова, №24 мектеп директорының орынбасары:
Тамақ ішіп отырған ғой балалар, жасөспірімдер. Сол сөзден сөз шығып, далаға шыққан. Далада біздің оқушымыз үйге барайын деп жатқанда, балалар жанағы күш салып, жарақаттаған.
Жарақат алған оқушы дереу ауруханаға жеткізілген. Жағдайы өте ауыр болғандықтан, дәрігерлер бірден ота жасапты.
Мұхит Ақшолақов, облыстық балалар ауруханасының дәрігері:
Түнде біздің қабылдау бөліміне науқас келіп түсті 2004 жылғы. Диагнозы алдыңғы құрсақ қабырғасының және құрсақ қуысына енуімен кесілген жарақат. Бүгінгі таңда жалпы жағдайы орташа ауырлықта деп есептелінеді. Өміріне еш қауіп болмаған себептен, жалпы жағдайының жақсаруына байланысты хиругия бөліміне ауысытырылып, осы хиругия бөлімінде ем көрсетіліп жатыр.
Аталған іске байланысты қазір қылмыстық қозғалды. Полицейлер жеткеншіктердің не себепті төбелескенін тексеріп жатыр.
Нұрлан Мәсімов, Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы:
Ол бірін-бірін жақтырмау, негізі ешқандай топта тұрмайды олар. Ешқандай учетта жоқ олар. Школада оқитын кәдімгі балалар. Қазір бұл салада жұмыс істейміз.
Өзгеріс Қуанар, тілші:
Сөз көтере алмай, дауласқан екеудің бірі 9 сыныпта оқиды. Ал полицейлер күдікті жасөспірімнің неше жаста екенін айтпай отыр. Пышақ салған оқушының суық қаруды қайдан алғаны анықталып жатыр. Ал оның қылмысы дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.