Жаңалықтар тізбегі
0

Нақсүйері байланысты кілт үзгенде, ол шыдамай сүйіктісінің күйеуін өлтірді

kstnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2019 04:50 kstnews.kz
Үш жылға жуық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзінен 20 жас кіші Зайцевтің жұбайы Валентинамен кездесіп жүрген.

Бүгін, 4 желтоқсанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот Сарыкөл қаласының тұрғыны Алексей Кожевниковке үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем көлігінің бұрынғы жүргізушісі 15,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қызғаныштан кісі өлтіріп және кездейсоқ куәгерді де өлтірмек болғаны үшін сотталды.

Ер адам кінәсін толық мойындаған жоқ. Ол өзін қорғандым деп санайды.

2019 жылғы 20 шілдеде таңертең 7 сағат 20 минутта 61 жастағы Алексей Кожевников 49 жастағы Андрей Зайцевті өлтірді.

Айыптаушы мен қорғаушы тараптың дәйектері әртүрлі. Сотталушының адвокаты Кожевников "Медициналық қызмет" деген жазуы бар Нивамен кездейсоқ оның жанынан өтіп бара жатқан. Зайцевтің өзі оны әңгімеге ​​шақырған. Ал айыптаушы тарап аң аулайтын пышақпен қаруланған Кожевников өз құрбанын үйінен 90 метр қашықтықта әдейі аңдып күтіп отырған дейді. Содан кейін пышақты 20 рет сілтеген, оның екеуі аса қауіпті болған.

Мотив - қызғаныш. Сот үш жылға жуық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзінен 20 жас кіші Зайцевтің жұбайы Валентинамен кездесіп жүргенін анықтады. Бірақ соңғы кездері әйел кездесуді кілт тоқтатып, нақсүйерінің бетін қайтарған. Осыдан кейін де күдік келтірілді, ол әбден қызғанып, сүйіктісінің күйеуін жек көрген.

Сол күні таңертең велосипедке мініп келе жатқан ауыл тұрғыны осы қанды оқиғаның кездейсоқ куәсі болады. Ол Кожевниковтың адам өлтіргенін көрген. Кожевников куә адамның жанына жақындап барып, қарнына пышақ сілтейді. Бірақ ер адам белсенді түрде қарсылық көрсетіп, пышақты екі қолымен ұстап, оны қолынан қағып жібереді.

Пышақ жерге түсіп, Кожевников оны көтеруге ұмтылғанда куәгер қашып кетеді. Ол бірден Орталық аудандық ауруханаға бір-ақ тартады, сол арада оған дереу ота жасалып, аман қалады. Ауруханаға дәрігерлерді Кожевников алып келген. Осы уақытта ол гаражға пышағын тығып, киімін ауыстырып, рөлге отырып үлгеріпті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: