Жаңалықтар тізбегі
0

Ұрылар ауыл сыртында жылқыны мүшелеп жатқан жерінде ұсталды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 14:33 видеодан кадр
Жылқының ауылдан ұрланғаны анықталды.

Аталған дерек 4 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданында орын алған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түрген ауылының маңындағы автожолдарды түнде патрульдеу барысында полицейлер жылқыны сойып, мүшелеп жатқан екі ер адамды ұстады. Жылқының ауылдан ұрланғаны анықталды.

"Барымташылар жылқыны жолдан 200 метр жерде сойып жатқан. Тәртіп сақшыларын байқап қалған күдіктілер бой тасалауға тырысқан. Алайда, олар сол жерде ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Сонымен қатар, жақын маңды барлау кезінде күдіктілерге тиесілі "Лада Гранта" автокөлігі табылды. Көлік жүргізушісі де жасырынуға тырысқан, бірақ оның ізіне түскен тәртіп сақшылары көлікті ұстады", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жедел тексеру барысында барымташылар екі сағат бұрын Түрген ауылының 68 жастағы тұрғынының қорасындағы жылқыны ұрлап кеткен. Мал иесі жылқысының қолды болғанынан хабарсыз болып шықты. Жәбірленуші ауыл тұрғыны полицейлерге шеберлігі мен қырағылығы үшін алғысын білдірді.

"Фермер өз шығынын 500 мың теңгеге бағалады. Сойылған жылқының еті мал иесіне берілді. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында ұсталған күдіктілердің өзге де мал ұрлықтарына қатысы бар-жоғы тексеріледі", - деп атап өтті полиция өкілдері.

Еңбекшіқазақ ауданының полиция басшылығы қызмет барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу үшін облыстық департаментке ұсыныс жолдамақшы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: