Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзенде 37 жастағы ер адамды атып кетті

vnnews.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2019 22:50 vnnews.ru
Жаралы адам табылғаны туралы хабар 9 желтоқсан күні сағат 10.49 шамасында түскен.

Жаңаөзен қаласында қарудан жараланған ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Зардап шеккен ер адам қаладан 150 шақырым қашықтықта табылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жаралы адам табылғаны туралы хабар 9 желтоқсан күні сағат 10.49 шамасында түскен.

"Шақырту бергендер оны жол-көлік апатынан жараланды деп ойлаған. Олар осылай деп хабарлады. Дереу облыстық жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Дәрігерлер барған соң жол апаты емес екенін жеткізді. Зардап шеккен ер адамның оқтан жараланып, жатып қалғаны белгілі болды", - деп хабарлады басқармадан.

1982 жылы туған азаматқа дәрігерлер "суық қарудан жауырын тұсының жаралануы" диагнозын қойды. Ол қазір Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында емделуде.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: