Жаңалықтар тізбегі
0

Біртанов ұшақ апатынан зардап шеккендердің бүгінгі жағдайы туралы айтып берді

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2019 16:28 ПМ
Оның айтуынша, ересектер арасында жағдайы ауыр науқастар бар, олардың кейбіреуінің халі дәрігерлерді алаңдатып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Bek Air әуе компаниясының апатында зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Өткен тәулікте үш адам үйіне жіберілді, сонда емделушілер саны - 46, оның ішінде 9 бала бар. Балалардың жағдайы тұрақты, олар жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, яғни олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда олар сапалы ем алуы қажет, сондықтан балалардың жағдайы Денсаулық сақтау министрлігінің жеке бақылауында, - деді Біртанов.

Оның айтуынша, ересектер арасында жағдайы ауыр науқастар бар, олардың кейбіреуінің халі дәрігерлерді алаңдатып отыр.

- №4 қалалық клиникалық аурухананың жан сақтау бөлімінде жеті адам, Алматы облыстық клиникалық ауруханасында екеу жатыр, соның бірінің жағдайы бізді қатты алаңдатады. Май эмболиясы (сүйектің сынуынан кейін болатын асқыну) дендеп, біз ол адамды жасанды жолмен тыныс алу құрылғысына қостық. Ал ұшқыштың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, ол жансақтау бөлімінде жатыр, - деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы науқастардың алған емі тегін деп сендірді.

- Бұл - төтенше жағдай. Мұндайда барлық қажетті ем-домдар ақысыз болады. Біз пациенттердің жағдайын ұдайы қадағалаудамыз, бұл арада психологтардың көмегі де маңызды, - деп сөзін түйіндеді Біртанов.

27 желтоқсанда ішінде 98 жолаушы, бес ұшақ экипажы болған Алматы-Нұр-Сұлтан рейсі бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы көкке көтеріліп, ұшу кезінде биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды сындырып, екі қабатты ғимаратқа соқтығысқан. Салдарынан 12 адам көз жұмды. Fokker-100 ұшақтарының ұшуына уақытша тыйым салынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: