Сүлейманиді өлтіргені үшін Трампты Пашинянның атынан құттықтаған адам ұсталды
Сурет: zakon.kz
Қаскөй өтірік жазбаны парақшасында Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочариянды тұтқындауды әділетсіз деп санайтындықтан жариялағанын айтты.
Ереванда Премьер-министр Никол Пашинянның атынан Иранның арнайы күштер бөлімінің қолбасшысы генерал Кассем Сүлейманиді өлтірілгеннен кейін АҚШ президенті Дональд Трампты құттықтаған әлеуметтік желідегі "фейк" азамат ұсталды. Бұл туралы Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап, "Sputnik Армения" хабарлады.
Ұсталған адам Facebook-те "Диана Арутюнян" деген лақап атпен аккаунт ашып, жалған хабар таратқанын мойындады.
"Мен жазған өтірік жазба осынша көлемде тарап, ол Арменияның мүдделері мен ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп ойлаған жоқпын", - деді ол.
Қаскөй өтірік жазбаны парақшасында Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочариянды тұтқындауды әділетсіз деп санайтындықтан жариялағанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript