Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте ажырасқан әке байлаулы баласының үстінен түсіп, видеосын желіге салып жіберді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2020 20:57 видеодан алынды
Облыстық полициядағылар қазір баланың анасы табылып, одан сұрақ-жауап алынып жатқанын жеткізді.

Әлеуметтік желіде аузы матамен, қолы бинтпен оралып, еденде теледидар алдында отырған баланың видеосы тарап жатыр. Бұл оқиғаға қатысты жапа шегуші баланың бөлек тұратын әкесі Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция департаментіне шағым түсірген, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полициядағылар қазір баланың анасы табылып, одан сұрақ-жауап алынып жатқанын жеткізді.

Видео facebook-тегі Айгүл Орынбектің парақшасында жарияланды.

"Ерлі зайыпты ажырасқанда, баланы автоматты түрде анаға қалдырады. Ананың баланы бағуға, тәрбиелеуге шамасы жетеді ме, оған көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ! Баланы былайша қорлау, психологиялық ауытқуы бар адамдар ғана жасайды. Ерлі зайыптылар ажырасу кезінде, сот психиатрдың тексеру анықтамасын талап ету керек деп ойлаймын! Әйтпесе қәзіргі жас балалардың өз өздерін суицидке итеруіде осы отбасылық жан жалдан! Мынау Шымкент қаласында орын алған жағдай !
Түркістан Облысының Полиция Департаменті тергеуші істі дәлел жоқ жабамын деген соң, әкесі интернетке салған" деп жазды ол.

Кейін белгілі болғандай, бұл отбасы ресми түрде некеге отырмаған да болып шықты. Бала азаматтық некеде дүниеге келген. Одан соң жас жұп екіге айырылған.

"Бұл жайт 08.01.2019 жылы Сарыағаш АПБ-не сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Арызда жергілікті тұрғын бұрынғы азаматтық некедегі әйелі 2017 жылы туылған ұлына қысым көрсетуде деп шағымданған. Сондай-ақ, Сарыағаш АПБ қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша іс қозғалған. Тергеп-тексеру барысында оқиғаның толық мән-жайы мен кінәлі тарап анықталатын болады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда", делінеді облыстық ПД баспасөз хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Баласын байлап тастаған әйел ешқандай жерде есепке алынбаған - полиция

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: