Нұрлан Жұмасұлтанов: Екінші ұшқыш қателік жіберген

BNews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2020 21:36 BNews.kz
Екінші ұшқыш қозғалтқыштың жылдамдығын төмендетіп, қателік жіберді.

Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматы маңында құлаған ұшақтың екінші ұшқышы қателік жіберген деп есептейді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Көтеріле салысымен ұшақты оңға-солға лақтыра бастады. Сол кезде командир: "Бұл не?" - деп сұрады, оған екінші ұшқыш: "Тұрақтандырғыш қондырғы, тоқтаймыз", - деді. Бұл арада ұшақ жылдамдықты алып қойған еді, сондықтан ұшамыз ба, жоқ па деген шешім қабылдайтын кезеңнен өтіп қойғанын мойындаймын. Екінші ұшқыш қозғалтқыштың жылдамдығын төмендетіп, қателік жіберді", - деді ол.

Ол бұл туралы 31 телеарнаға берген сұқбатында айтты.

Қара жәшіктің арқасында арнайы комиссия апаттың туындауы мен оның өрбуіне түрткі ерекше жағдайдың хронологиясын анықтай алды. Бұдан бұрын вице-премьер Роман Скляр ұшақ апатының себебі туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: