Ырғыз ауылы тұсында жол апатынан 4 адам көз жұмды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2020 21:27 pixabay.com
Қырғыз азаматы жүргізген "Лада-21070" автокөлігі ОҚО тұрғынының басқаруындағы "Шевролет-Круз" автокөлігімен соқтығысты.

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында шамамен түнгі сағат 01 сағат 30 минутта "Самара-Шымкент" тас жолының 1170 шақырымында Ырғыз ауылына жақын жерде жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды zakon.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Лада-21070" автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Арал қаласы жағынан "Самара-Шымкент" тасжолының 1170 шақырымында Ырғыз ауылына бара жатып, қозғалыс кезінде ауа-райы қолайсыздығын ескермей, жолдың тайғақ учаскесінде қарсы бағытқа арналған жолаққа шығып кетіп, ОҚО тұрғынының басқаруындағы "Шевролет-Круз" автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде "Лада-21070" автокөлігінің 29 жасар жүргізушісі 3 жолаушымен бірге оқиға орнында көз жұмды және бір жолаушы Ырғыз ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: