Жаңалықтар тізбегі
0

Масқара! "Бек Эйр" бір ұшақтың құрамдас бөлшектерін басқасына орнатып, үнем жасаған

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2020 15:40 Хабар 24
Сондай-ақ қозғалтқыштан оның жұмыс уақытын көрсететін сериялық нөмірлер туралы ақпарат белгілерін алып тастаған. Осылайша оның неше жыл жұмыс істегенін де анықтау мүмкін емес.

"Бек Эйр" бір ұшақтың құрамдас бөлшектерін алып, басқа ұшаққа орнатып отырған. Оған қаражаттың жетіспеушілігі және ескі ұшақ үшін қажетті бөлшекті табудың қиындығы себеп болған. Алматыда 12 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатынан кейін тексеріс бастаған "Авиациялық әкімшілігінің" алғашқы нәтижелері осындай, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ қозғалтқыштан оның жұмыс уақытын көрсететін сериялық нөмірлер туралы ақпарат белгілерін алып тастаған. Осылайша оның неше жыл жұмыс істегенін де анықтау мүмкін емес. Әуе компаниядағы кадр мәселесі де өзекті тұрған көрінеді.

"Бек Эйр" АҚ кадрларын даярлау мәселесі ерекше алаңдаушылық тудырады, өйткені құжаттарды тексеру барысы қауіпсіздік бойынша оқыту және оларды компаниядағы есепке алу мәселелерінде елеулі кемшіліктер орын алған. Бұл ретте барлық экипаждар ұшақты дұрыс пайдалануды тиісті түрде үйренуі үшін кадрларды даярлау процесін жақсарту үшін шаралар қабылдау қажет. Қазіргі уақытта тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр. Ол аяқталғаннан кейін авиакомпания 10 күн ішінде әкімшілікке барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету жоспарын ұсынуы тиіс. Егер заңбұзушылықтар жарты жыл ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: