Ақтөбеде аурухананың көлік тұрағында ер адам қайтыс болды
mir24.tv
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе ауруханасы ауласындағы көлік тұрағында 40 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 қаңтарға қараған түні Ақтөбедегі Жедел медициналық қызмет көрсету ауруханасында көп жерінен пышақталған 40 жастағы ақтөбелік тұрғын есін жимаған күйі көз жұмды. Оны белгісіз адамдар аурухананың көлік тұрағына әкеліп тастап кеткен.
"Облыстық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмысты тіркеп, тергеу амалдарын қолға алды. 18 қаңтарда аса ауыр қылмыстың беті ашылды, үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген хабарламада.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript