Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды
big-rostov.ru
Төтенше жағдай жариялаудың басты себептері - халықтың қалыпты өмір сүру жүйесінің бұзылуы; адамдардың жұмысқа және үйге уақытылы жете алмауы; тамақ пен медициналық қызметтердің дер кезінде жеткізілмеуі.
ҚР Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті ел астанасында төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол әділет басқармасында тіркеуден өтті", - деді министрдің орынбасары Юрий Ильин астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Бүгін алты аймақ бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.
"Оған, алдымен, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және басқа да жол жабылған аймақтар кіреді", - деді Ильин.
Ильин төтенше жағдай режимін енгізудің бірнеше себебін атады. Олар:
- халықтың қалыпты өмір сүру жүйесінің бұзылуы;
- адамдардың жұмысқа және үйге уақытылы жете алмауы;
- тамақ пен медициналық қызметтердің дер кезінде жеткізілмеуі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript