Алматыда полиция арнайы операция жүргізді
zakon.kz
Қарулы адамдар ұсталды.
Алматыда полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы операция барысында атыс қарулары тәркіленді.
Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ пен патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен арнайы операция өткізді.
- Кешкі сағат сегізде Шевченко көшесінде Mercedes көлігі тоқтатылды, онда үш адам болған. 30 жастағы жүргізушіні тінту кезінде 9 оғы бар Grand Power T10 маркалы тапанша табылып, тәркіленді. Сондай-ақ осы көліктегі жолаушының бірі тапанша мен оққа ұқсас заттарды лақтыруға тырысты. Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамның жанұшыра құтылуға тырысқан заты оқ атуға жарамды "Макаров" тапаншасы болып шықты. Сонымен қатар жүргізушіден тәркіленген тапанша да атуға жарамды, - деді Алматы қаласы ПД Қылмыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық құрамы бар заңбұзушылық ретінде тіркелді. Қылмыстық істі Медеу ауданының полиция басқармасы тергейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript