Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттік күш-құрылымдар діни әдебиеттерді тәркілеу барысында арнайы операция жүргізді

Instagram shymkent.online, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2019 15:38 Instagram shymkent.online
Тергеу мәліметінше, сәләфизм жақтастары базарға келушілер мен саудагерлердің арасында деструктивті сипаттағы әдебиеттерді таратумен айналысқан.

Ағымдағы жылдың 24-қаңтарында Шымкент қалалық Полиция департаменті мен ҰҚК департаменті бірлесіп, "Shymkent Tulpar" және "Нипа" базарларында бір уақыттылық рейдік шараны өткізу барысында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz Шымкент қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот санкциясымен сауда нүктелерінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар діни әдебиеттердің бары анықталып, тәркіленді. Оның ішінде сәләфиттік мазмұндағы кітаптар мен ақпаратты электронды тасымалдау құралдары да бар.

Тергеу нұсқасы бойынша, сәләфизм жақтастары жоғарыда аталған базарларда келушілер мен саудагерлердің арасында деструктивті сипаттағы әдебиеттерді таратумен айналысқан.

Тергеу шаралары қоғамдық орындарда деструктивті бағыттағы діни мазмұнды материалдарды тарату дерегіне сәйкес қозғалған қылмыстық істердің аясында жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: