Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда өртенген пәтерден қыздың мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 22:42 Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД
Өрттің салдарынан ауруханаға 12 адам түрлі жарақаттармен жеткізілді, оның ішінде 6 бала бар.

Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты. Өрттің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

12 ақпанда күйші Дина, 39/1 көшеде бір пәтер отқа оранғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен 7 минуттан кейін оқиға орнына жеткен Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндірушілері екінші қабатта жалпы алаңы 45 шаршы метрді құрайтын пәтердің отқа оранғанын растады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Подъезд қалың түтінге бөккен, сондықтан өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі барлық адамдарды эвакуациялап, құтқара бастады. 20 адам, оның ішінде 9 бала сыртқа шығарылды.

Өрт сөндіру кезінде АКП-54 үш бағаналы баспалдақ, сондай-ақ құтқару маскасын қолдана отырып, елордалық өрт сөндірушілер жалпы 20 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің салдарынан ауруханаға 12 адам түрлі жарақаттармен жеткізілді, оның ішінде 6 бала бар (зардап шеккендердің аты-жөні мен нақты саны анықталып жатыр), делінген хабарламада.

Өрт сөндіру кезінде 4-қабаттағы пәтерден 1987 жылы туылған бойжеткеннің мәйіті табылды.

Сағат 14.37-де өрт ауыздықталды және 14.41-де ол түбегейлі жойылды. Өртті сөндіруге барлығы 9 дана техника мен 31 жеке құрам жұмылдырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: