Үлкен жолда екі жүк көлігі бір көлікті қысып, мыжып тастады

"Қазавтожола" ҰК" АҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2020 18:18 "Қазавтожола" ҰК" АҚ
Екі адам мерт болды.

Қарағанды ​​облысында тас жолда болған жол апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты "Нұр-Сұлтан-Теміртау" тасжолында елордаға қарай бағытта орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі жүк көлігінің арасына Foton жеңіл көлігі қысылып қалған. Апат салдарынан екі адам қаза тапты - Foton автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы. Апат себептері мен мән-жайы анықталуда, делінеді Қарағанды ​​облысы ПД таратқан хабарламада.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2020 18:18

Апат орнында "Қазавтожола" ҰК" АҚ-тың 13 техникасы келді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ автокөлік жүргізушілеріне жол ережелерін сақтау, белгіленген жылдамдықты, қозғалыс аралықтарын сақтау және негізсіз маневрлер мен кенеттен тежегішті басудан аулақ болу керектігін ескертеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2020 18:18

Сонымен қатар ұзақ жолға тек қысқы шиналармен шығуға кеңес береміз. Төтенше жағдай туындаған кезде сіз әрқашан 1403 шұғыл нөміріне хабарласа аласыздар, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: