Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстанда бір науқас аурухананы өртеп жіберді

Мой город Мой город
Өрт сөндірушілер 20 адамды эвакуациялады.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 ақпанда сағат 5.41-де өрт сөндіру бөліміне Тасқала аудандық орталық ауруханасының екінші қабатында 8 палатаның өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Өрттің ауданы 15 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі: 42 жастағы науқас төсенішке от қойып, өзі екінші қабаттың терезесінен секіріп, ізін суытқан. Қазір ол адам іздестіріліп жатыр. Өрт сағат 06.16-да сөндірілді. Өртті жоюға үш техника мен 11 өрт сөндіруші жұмылдырылды, дейді БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, ауруханадан 20 адамды, оның ішінде 4 бала, 8 медициналық қызметкер эвакуацияланды. Екі адам құтқарылды, олардың бірі - бала.

Оқыс оқиғадан кейін Тасқала ауданының орталық ауруханасының өрт шыққан екінші қабыттағы науқастар бірінші қабатына жатқызылды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-02/1582009657_11.jpeghttps://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-02/1582009612_12.jpeg

БҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы басшыдан түсініктеме алу мүмкін болмады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша күдіктінің анықталғанын, ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы, яғни "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Мәселенің басқа мән-жайлары әлі анықталып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз